Түркістан облысында мәслихат депутаттығына 320 мандат берілді

Oinet.kz 13-01-2021 890

Сайлау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттығына 320 мандат беріліп отыр. Ол 320 мандаттың 45-і облыстық мәслихатқа бөлінген. Ал, қалалық мәслихатқа - 47, аудандық мәслихатқа - 228 кандидат барады. Саяси партиялар арасында «Қазақстан Халық» партиясына – 1, «Nur Otan» партиясына – 263, «Ауыл» партиясына - 32,  «Ақ жол» партиясына - 24 мандат бөлінді. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев арнайы брифингте мәлімдеді. 

Screenshot_2.jpg

«13 қаңтар күні - дауыс беру қорытындысымен мандатқа ие болған саяси партиялар - депутаттыққа кандидаттардың тізімдерін облыстық сайлау комиссиясына ұсынады. Ал 14 қаңтарда - саяси партиялардың ұсынған тізімдерін комиссияның отырысында тіркеу жөнінде хаттамалық шешім қабылданады. 15 қаңтар күні сағат 10:00-де облыстық мәслихаттың 7-шақырылымындағы алғашқы бірінші сессиясы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының басқаруымен ашылатын болады. Сондай-ақ, жаңадан сайланған мәслихат депутаттары таныстырылып, оларға депутаттық куәліктер мен төсбелгілер табыс етіледі», - деді Әлібек Қаденұлы.  

Айта кетерлігі, Түркістан облысында 911 сайлау учаскесі ашылып, онда 1 млн 160 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Жалпы 763 454 азамат өз таңдауларын жасаған. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шымкент тұрғыны жасырын казиноның бүкіл табысын әжетханаға ағызып жіберген
Аймағамбетов студенттерге жағымды жаңалықпен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу