Божко зейнетке шыққанын мәлімдеді
Владимир Божко Мәжілістен кетеді. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары жаңа сайланымда лауазымын босататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Болды, рақмет. Мен тіпті мұнда Facebook-те жарияладым. Мырзалар, барлығыңыз тынышталыңыз. Кейбіреулер мені үнемі зейнетке шығарғысы келетін. Мен кетемін, - деді Божко.
Әзірге ол болашақта немен айналысатынын айтпады.
Божко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинге алғысын білдірді.
- Себебі менің жасымда... ең бастысы - мен бұл жерде жақсы тәжірибе алдым. Бұған дейін де заң шығару процесінде болдым, бірақ бұл жерде, әрине, барлығына қажетті теңдессіз тәжірибе алдым. Мұның маған көп жағдайда пайдасы тиеді. (...), - дейді Божко.
Депутат 2019 және 2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заң қабылданғанын атап өтті.
- Екіншіден, қабылданған заңдарға сәйкес екі триллионға жуық теңге жалақыны, әлеуметтік жәрдемақыны тікелей азаматтарымыздың қалтасына түсірдік. Мен бес жыл жұмыс істегеніме ұялмаймын, - деді Божко.