Индонезиялық Boeing 737-500 ұшағының қирандысы судан табылды

Oinet.kz 09-01-2021 735

Индонезиялық Boeing 737-500 жоғалып кеткен маңда теңізде ұшақ сынықтары табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы СИНХУА агенттігі жергілікті телеарнаға сілтеме жасап хабарлады.

Индонезия ұшақ.png

БАҚ өкілдерінің хабарына қарағанда, Sriwijaya Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы суға құлаған, қиранды мен адам денелері табылды.

Бұған дейін Индонезияда ұшып шыққанына 4 минут болған соң диспетчерлермен байланысы үзілген ұшақ іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

Джакартадан Индонезиядағы Понтианакқа ұшып бара жатқан ұшақ бір минуттан аз уақыт ішінде 10 мың футтан аса биіктік жоғалтқан. Оқиға лайнер Джакартадан шыққаннан кейін 4 минуттан соң болған.

Жергілікті газетте ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала мен нәресте болғаны жазылды.

«Қате жасаған болсам, айыптымын, мойындаймын» - Назарбаев
Шымкентте төрт баланың анасы іздестірілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу