Үміткер қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтармен қабылдау өткізді.

Oinet.kz 07-01-2021 1060

Screenshot_1.jpg

Бүгін «Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихатқа үміткер Ерік Оспанов Түлкібас аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтармен қабылдау өткізді. 

Тұрғындар өздерін толғандыратын мәселелер мен талап тілектерін жеткізді. Атап айтқанда сұрақтар жер мәселесі және баспанаға кезекке тұру жайында қозғалды. Ерік Оспанов өз тарапынан Түлкібас аудандық Жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі мен аудандық Жер кадастр жеке тіркеу бөлімінің басшысына тұрғындардың аталмыш сұрақтары бойынша бақылауға алып, оң шешім табуына ықпал етуін сұранды. 

Үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада, партияның сайлауалды бағдарламасының  басым бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. 

#NurOtan2021

#BizBirgemiz 

#JeńimpazBol

#NUROTAN 

#NUROTANғаДауысБер 

#ГОЛОСУЙзаNUROTAN

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Тұрғындардың талап-тілектері тыңдалып, бақылауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу