Тұрғындардың талап-тілектері тыңдалып, бақылауға алынды

Oinet.kz 07-01-2021 942

image.png

Бүгін «Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихатқа үміткер Ерік Оспанов Түлкібас аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтармен қабылдау өткізді. Тұрғындар өздерін толғандыратын мәселелер мен талап тілектерін жеткізді. Атап айтқанда сұрақтар жер мәселесі және баспанаға кезекке тұру жайында қозғалды. Кандидат өз тарапынан Түлкібас аудандық Жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі мен аудандық Жер кадастр жеке тіркеу бөлімінің басшысына тұрғындардың аталмыш сұрақтары бойынша бақылауға алып, оң шешім табуына ықпал етуін сұранды. 

4606b297-03df-4215-a4fb-4227f00e875e.jpg

Ерік Оспанов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада, партияның сайлауалды бағдарламасының  басым бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. 

#NurOtan2021

#BizBirgemiz 

#JeńimpazBol

#NUROTAN 

#NUROTANғаДауысБер 

#ГОЛОСУЙзаNUROTAN

Үміткер қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтармен қабылдау өткізді.
Елбасы туралы фильмнің жалғасы шығады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу