Алтынай Жорабаеваның отбасылық фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)
OINET.KZ - Қазақстандық белгілі әнші Алтынай Жорабаева күні кеше күйеуімен некесін қиған болатын. Әнші неке куәлігін алған сәтіндегі естеліктермен бөліскен еді.
Жақында әнші Instagram парақшасында отбасымен түскен фотосын жариялап, көпшілікті қуантты.
"Биылғы 2020 жылдың соңғы Жұмасы баршамызға мүбарак болсын! Алла не берсе де хайырлысын береді. Барлық жағдайға сабырмен қарап,шүкіршілік етсек, Алланың мейірімі шексіз. Баршаңызға келер жыл құтымен,берекесімен келсін. Отбасымызға Алла иман байлығын, денсаулық байлығын, дүние байлығын берсін. Алла ұлық! Аллаға Шүкір! Байлықтарым", - деп жазды әнші фотоның астына.
Әншінің оқырмандары жылы лебіздерін білдіріп пікір жазды.