Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі әйеліне жүрекжарды жазба арнады

Oinet.kz 21-12-2020 2790

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев Instagram парақшасында әйеліне арнап жазба қалдырды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Жазбада Нұржан Пайғамбар хадисінен үзінді келтірген. 

"Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Көркем мінезді мүмін иманның ең жоғарғы сатысында болып табылады, ал араларыңдағы ең жақсыларың - әйелдеріңе жақсы қарағандарың (жақсы қарым-қатынаста болғандарың)» деген (Тирмизи)" - деп жазды ақынның күйеуі. 

Бұл жазбаға Айнұр Тұрсынбаева "Әлһамдулла" деп пікір қалдырды. 

Еске сала кетейік, Нұржан Иманәлиев пен Айнұр Тұрсынбаеваның шаңырақ көтергендеріне көп бола қоймады. Айнұр күйеуін көпшіліктен жасырмай ашық көрсетті. Осы уақыт ішінде олар тұрмыс және ауру азабын тартқан көпшілікке көмек көрсетіп, ел алғысына бөленді.

Шымкентте 850 мыңнан аса адам медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген
Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасылық фотосы көпшілікті сүйсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу