Байбек, Назарбаева және Есімов. Nur Otan партиялық тізіміне кімдер енді?
Nur Otan алдағы Мәжіліс сайлауында депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімін ұсынды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Кандидаттардың жалпы тізімінде Мәжілісте жұмыс істеп жүрген депутаттардың саны 20 пайыздан аспайды, Мемлекеттік басқару - 13 пайыз, білім беру және денсаулық сақтау - 12 пайыз, үкіметтік емес ұйымдар - 9 пайыз, өнеркәсіп өкілдері - 8 пайыз.
Тізімнің үштен бір бөлігі әйелдерден тұрады. Кандидаттардың орташа жасы алдыңғы партиялық тізіммен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды.
Тізімде барлығы 126 үміткер бар. Олардың ішінде: Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Президенттің көмекшісі - Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова, вице-премьер Ералы Тоғжанов, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және басқалары бар.
Кандидаттардың толық тізімімен партия сайтында танысуға болады.