Көршінің курашы

Oinet.kz 13-11-2020 900

Өзбектің ұлттық қүресі – кураш Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін. Бұл туралы Өзбекстан республикасының әділет министрлігі хабарлап отыр.

Традиции Узбекистана. «Кураш» | Novotours Silk Road - Туристическое  агентство (туроператор) в Ташкенте, Узбекистан

Министрліктің хабарлауынша, Өзбекстан үкіметі ұлттық спорт түрі – курашты 2028 жылға дейін Халықаралық олимпиада ойындары бағдарламасына қосуды көздейді. 4 қарашада президент Шавкат Мирзияев өзбек спорт түрін дамыту жөнінде Жарлық шығарған. Аталған құжатта курашты 2025 жылға дейін халықаралық деңгейге көтеру тұжырымдамасы бекітілген. Құжатқа сай, 2021 жылдан бастап облыстық, республикалық, халықаралық турнирлер тұрақты түрде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жыл сайын «Өзбек палуаны» республикалық жарысы өтеді. 

Айта кетейік, кураш 2018 жылы өткен жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енген. Индонезия төрінде өзбектер бұл спорт түрінен 11 медаль (4 алтын, 2 күміс, 4 қола) жеңіп алып, Азия ойындарының жалпы командалық есебінде 5-орын алған болатын. Сондай-ақ, кураш 2016 жылы Вьетнамда өтетін жағажайдағы Азия ойындары, 2017 жылы Түркіменстанда өткен Жауынгерлік өнер және ғимараттағы Азия ойындарының да бағдарламасына енген-ді.

Бауыржан қатыспайтын болды
Жеңілмегендердің жекпе-жегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу