Түркия елдің халықаралық атауын өзгертті
06-12-2021
Бүгін, 12 қараша 2020 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде онлайн-платформада «Бейбітшілік пен даму үшін» Дүниежүзілік ғылым күніне орайластырылған «Өндірістік технологиялар және инжиниринг- ICITE-2020» VII Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.
Биылғы конференция жұмысы бас назарын COVID-19 пандемиясы жағдайындағы индустриялық технологиялар мен инжиниринг саласындағы жаһандық мәселелерге аударуда.
Конференцияның салтанатты ашылуын Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор - М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова жүргізуде. Онда өз құттықтауларымен, ыстық лебіздерімен және де қатсыушыларға деген жалынды сәлемдерімен бірнеше құрметті қонақтар сөз алды.
Конференцияға Қазақстанда бірінші рет Нобель сыйлығының лауреаттары - әлемдік ғылымның жұлдыздары, үкімет пен бизнес қауымдастық өкілдері, сондай-ақ шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары қатысуда.
Конференцияның мақсаты - COVID-19 пандемиясы шарттарында ғылым мен білімнің дамуы, медицина және биотехнология, химиялық технология, құрылыс және құрылыс материалдары, агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі технологиялары, механика, экология және табиғатты пайдалануды басқару саласы, жаңартылатын энергия және энергия үнемдеу технологиялары, IT технологиялар салаларындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау болып табылады.
2020 жылдың 12-13 қарашасы аралығында екі күнде өтетін конференция бағдарламасына сәйкес келесі сессиялар өткізіледі:
- Пандемиядан кейінгі тұрақты даму: Шымкенттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша мәселелер мен ұсыныстар;
- Фармацевтикалық компаниялар: адамдарға көмектесу және өмірді сақтау?
- Бізге бірінші кезекте экономиканың қандай салалары мен секторларын түрлендіру қажет?
- Орталық Азиядағы технологияларды, инновацияларды және адами капиталды дамыту мәселелері;
- ҒЗТКЖ қаржыландыру басылымдар мен стартаптарды қалай ынталандыруы мүмкін?
- Технологиялар мен инжиниринг саласындағы жобалар мен зерттеушілерді қолдау және қаржыландыру механизмдері.
Конференцияның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс және сәттілік тілейміз!