Елбасының жаңа жинағы жарық көрді (фото)

Oinet.kz 05-11-2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттерінде оқыған дәрістер жинағы жарық көрді.

Опубликовано обращение Елбасы к народу Казахстана

Жинақты Елбасы кітапханасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұт Қасымбектің жетекшілігімен әзірлеген.

Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991-2018 жылдары отандық және шетелдік университеттерде, ғылыми орталықтар мен ұлттық академияларда оқыған дәрістері бар.

Дәрістер мазмұны ұлттық және әлемдік тарихтың маңызды оқиғаларын қамтиды, өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің жаңа көріністері мен қазақ мемлекеттілігінің құрылуы мен дамуы жазылған.

- Елбасының сарабдал саясатының арқасында білім және ғылым саласы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бүгін тұсауы кесілген дәрістер жинағында білім саласында жасалған барлық жұмыс пен мемлекетті дамыту туралы ақпарат бар. Бұл кітапты барлық оқу орындарына таратамыз. Менің ойымша, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасы аясында да бұл кітапты қолдануға болады. Сондықтан біз үшін бұл – үлкен жұмыс, үлкен сенім, - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кітаптың тұсаукесерінде.

image.png

Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжановтың айтуынша, ғылыми ізденіспен айналысып жүрген қызметкерлер соңғы 2-3 жылда 20-дан астам кітап шығарды.

Оның көпшілігі Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбектің жетекшілігімен жарық көрген. Қазақстанның жоғары оқу орындарына табыстау үшін бұл кітапты Әмірхан Рахымжанов Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке берді.

Тоқаев тағы бір заңға өзгерістер енгізді
АҚШ-тағы сайлау қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×