Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүру міндеттелмейтін болады
Мәжіліс жүргізушілерге қатысты заң жобасына өзгертулер енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
Мәжілістің сот-құқықтық реформасы комитетінің басшысы Қанат Мусин заң жобасы көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында дайындалғанын айтты. Ол заң күшіне енетін болса, жүргізушілер жүргізуші куәлігін өзімен алып жүрмесе де жаза қолданылмайтынын айтты.
- Заң жобасы жүргізушілерді өзімен бірге жүргізуші куәлігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу құжатын алып жүруге міндеттейтін норманы бұзғаны үшін жауапкершілікті жоюға бағытталған. Сонымен қатар, заң жобасы белгілі бір көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттеуге бағытталған. Комитет бұл заң жобасын жұмысқа енгізіп, 2021 жылдың 26 қарашасына дейін қорытынды дайындауға дайын, - деп қосты Қанат Мусин.