Елжан Біртанов қайта оралды (фото)
18-10-2021
Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановқа қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санцияланды. Тергеу мүддесі байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды, - делінген комитеттің хабарламасында.