Қырғызстанның СІМ Қазақстаннан көмек сұрап отыр

Oinet.kz 30-10-2020 887

Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстаннан дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарын сұрап, көмектесуін өтінді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Қырғызстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

e2ac07ffdd1f3c0b0d306d9fd44b164b.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан ҚазаҚбаев Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Қырғызстан СІМ қаржылай-техникалық көмек көрсету мүмкіндігін де қарастыруды өтінді.

Министр Руслан Қазақбаев қазақстандық тараптап Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіне қайтарымсыз негізде дәрі-дәрмек және қорғаныш құралдарын беруді сұрады. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары жүк тасымалдаушылар үшін Қырғызстан-Қазақстан шекарасында қолайлы жағдай жасау керегін атап өтті, - деп хабарлады Қырғызстан СІМ.

Сондай-ақ, Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады. Үкімет басшысы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының тармақтарын қоса алғанда, елдер арасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимылын талқылады.

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында қала әкімі қызметінен кетті
Қазақстандық танымал спортшының жеңісі елді сүйсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу