«Cыртқы істер министрлігі қолдарыңнан түк те келмейді» - Қайрат Құдайбергенов

Oinet.kz 23-10-2020 1210

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің жұмысына көңілі толмайды. Елдің намысын қорғауды білмейді деп налыды. Кәсіпкер атышулы Бораттың әрекетіне байланысты шара қолданбаған министрлікке шүйлікті. 

image.png

- "Сорлысың сен, Саша Барон Коэн. Ал біздің сыртқы істер министрлігі жоғары лауазымды шенеуніктерді күтіп алудан басқаны білмейтін түкке тұрғысыз ұйым. Қолдарыңнан боқ та келмейді, сыртқы істер министрлігі. Не сотқа бере алмайсыңдар, не көк байрағымыздың намысын қорғай алмайсыңдар! Желіде @sachabaroncohen мынаны белгілеп, ағылшын тілінде айтқыларыңыз келгеннің бәрін жазыңыздар", - деп жазды алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген желід. 

Одан өзге тележүргізуші Дина Төлепберген мен Мұхамеджан Тазабеков ойын білдіре кетті. Олар Қазақстан үкіметі Бораттың соңғы әрекетінен соң қандай да бір шара қолданады деген сенімде. 

- "Мынау енді шектен шығу. Ұлттық символды қорлау. Аустралияда Бораттың тас мүсіні орнатылып, оны қолдаушылардың флешмобы өтті. Би билеген еркектерде шаруам жоқ, бірақ Туымызды ұстауға олардың құқы жоқ. Лондонда Бораттың үрленген қуыршағының жанында да жалауымыз желбіреп тұрды. Сыртқы істер министрінің шара қолдануын талап етемін", - деп жазды Дина Төлепберген.

- "Бір-бірін шұқылап, жағаласып жүрген жұртта айбын бола ма? Туыңды қорлап, тұнығыңды лайлап жатыр. Ресми орындар, құзырлы мекемелер шара қолданып, қайран жасайды деп ойлаймын. Елдігіміз кетіп, еңсеміз түспесе екен", - деп жазды Мұхамеджан Тазабеков. 

Жириновский Алматыдағы көшенің бірін өз атына беруді ұсынды (видео)
Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен ер адам шенеунік болып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу