Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың жары өмірден өтті

Oinet.kz 06-10-2020 1886

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың жары Ажар Керешқызы Ілиясова 90 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Суыт хабар туралы Әміржан Қосанов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

- "Әлем әдебиетінің классигі Әбдіжәмил Нұрпейісов атамыздың үйіндегі Ажар апай 90 жасында өмірден озды. "Қан мен тер" романын оқыған, оқымаған барша ағайынға естіртіп жатқаным. Ұлы жазушының өмірлік серігі, музасы болған апамыз белгілі ғалым, химия саласына, ел өнеркәсібіне елеулі еңбек сіңірген қайраткер еді. Дастарханынан талай дәм татып едік. Алдынан жарылқасын. Арты қайырлы болсын! Атамыз аман болсын! Жақында ғана ауруханадан шыққан ол кісіге қиын болып жатыр-ау", - деді ол. 

Айта кетейік, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов өткен жылдың қазан айында 95 жасқа толғанын хабарлаған болатынбыз. Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтой иесін қабылдап, "Алтын жұлдыз" белгісін табыстаған еді. 

- "Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін", – деген болатын президент. 

Қырғыз билігі оппозицияның басты талабын орындады
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу