«InfoKazakhstan» - бизнес пен тұтынушыларға арналған құрал

Oinet.kz 17-08-2020 464

Түркістан облысының кәсіпкерлері локдауннан қалай шығады? Бұл сұрақтың жауабын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков айтып берді.

Басшысының айтуынша, ол үшін алдымен "InfoKazakhstan" арнайы электрондық платформасына тіркелу қажет.

Тимур Нахипбековтың пікірінше, бұл құрал эпидемиологиялық тәуекелдерді азайту, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жаңарту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

"InfoKazakhstan" электрондық платформасы кәсіпкерлерге ыңғайлы болу, бизнестің локдауннан шығу процесінің ашықтығы және адам факторының алдын алу үшін іске қосылды. Платформа арқылы әрбір кәсіпкер қызметті қайта бастауға өтініш бере алады",-деді ол.

Айта кетерлігі, нысанды санитарлық нормаларға сәйкестендіру актісін алу үшін төрт қарапайым қадам жасау жеткілікті.

Бірінші: Кәсіпкер "InfoKazakhstan" сайтына кіріп, онда ұйымды электронды қолтаңба арқылы тіркейді. Сондай-ақ, қызмет түріне қойылатын талаптармен танысуға мүмкіндік бар. Ал бизнестің жекелеген түрлері ескертусіз жұмысты қайта бастауы мүмкін;.

Екіншісі: Нысанды талаптарға сәйкес дайындау. Содан кейін электрондық өтінім беру арқылы өз дайындығыңызды растау жеткілікті;

Үшіншісі: санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру жүргізуін күту;

Төртіншісі: егер тексеру нәтижелері оң болса, жеке кабинетте жұмысты қайта бастауға арналған санитарлық талаптарға сәйкестік актісін жүктесеңіз болды. Егер теріс болса, олқылықтардың алдын алып, қайта тексеруге өтініш береді.

Бизнес нысанды жұмысқа дайындау туралы өтінішті жүктегеннен кейін кәсіпкер санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуына кепілдік береді. Бұл нормаларды сақтамағандарға айыппұл санкциялары қолданылады.

"InfoKazakhstan" платформасында қоғамдық бақылау қызметі де жұмыс істейді.

"Бұл дегеніміз - кез-келген азамат кәсіпорынның санитарлық нормаларды бұзғаны туралы шағымды орналастыра алады. Және де жеке кабинетте кәсіпкер өтініш мәртебесін бақылап, азаматтардың электрондық өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын көре алады", - деп атап өтті Тимур Нахыпбеков.

Ресурс қызметтерін бір уақытта 150 000 пайдаланушы пайдалана алады.

Егер кәсіпкерде электронды қолтаңба болмаса немесе оның мерзімі өтіп кеткен болса, ол көмек алу үшін облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына немесе палатаның аудандық филиалдарына жүгіне алады.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін 1432, 109 бірыңғай байланыс орталығы да жұмыс істейді (қоңырау шалу тегін).

Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасының басшысы жалпы карантин режимі өңірдегі қызмет көрсету және сауда саласындағы 39 мыңнан астам кәсіпкердің қызметіне теріс әсер еткенін алға тартты.

"Бұл салада 76 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жедел штабтың 3 мың кәсіпкерге жүргізген сауалнамасының нәтижелері қатысушылардың 45% қызметкерлерді қысқартқанын немесе оларды ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болғанын көрсетті. Мамандар бұл мәселені кезең-кезеңімен оңтайлы шешуге ықпал ететінін айтады"-деді ол.

Түркістан облысының Арыс қаласында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде
«Көксарай» су қоймасы маңында күтпеген мәселе шешімін табуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу