Мемлекетке қажет жерлерді түркістандықтар дау-дамайсыз беруде

Oinet.kz 02-09-2020 413

Түркістанда тағы бір таңқаларлық жаңалық. Әдетте мемлекет жеке үй құрылысы орналасқан жерді алып қою мәселесі жанжалмен аяқталатын.Бірісі үйін бұзуға қарсылық танытып, өзін-өзі өртеуге дейін барса,бірі жүк көлігінің астына түсемін деп қорқытатын. Облыс орталығында бұл жағдай басқаша шешілді. Трғындар өз еркімен жерлерін беруге келісім берген. Бұл рухани астананың атмосферасы ма, әлде тұрғындар саналы түрде шешім қабылдаған. Биліктегілердің жұмысты дұрыс атқарғандығы да болуы мүмкін.

Мемлекетке қажет жерлерді түркістандықтар дау-дамайсыз беруде

Осыдан 2 жыл бұрын тұрғындар өз үйлерін қорғап, дау шығарғаны рас. Араға уақыт салып жағдай түбегейлі өзгерді. Қазіргі таңда бұл - мәселе емес. Үйлері заңсыз салынған тұрғындар баспаналарын босатуға уәде берді.


Ахлима Ақпанова екі жыл бұрын үйін бұзуға қарсы болғандардың бірі. Екі бөлмелі үйде отбасымен бірге тұрған әйел бұл жаңалықты естігенде қан қысымының көтерілгенін алға тартады. Ол бұзатын үйін дұрс бағаламай, баспанасыз қаламын деп қорыққан

"Мен шынымен де бұл ақпаратты естігенде ақылымнан айырыл жаздадым.Болды бәрі бітті үйсіз қаламын деп ойлағанмын. Бағалау жүргізілді, содан кейін мен бағаны біліп, нарықтық бағамен салыстырдым. Менің ойымснане шыққан кейін келіске кеттім. Қазір Түркістанның басқа бөлігінде үлкен үйде тұрамын. Ия,бізге орталықтан кетуге тура келді. Бұл жерде жаман емес,үйреніп қалдық.", - деді Ахлима Ақпанова.

Түркістанда көп қабатты үйлерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.Шенеуніктердің айтуынша, пәтер бағасы қолжетімді болады. Ал егер жер учаскелері нарықтық құны бойынша сатып алынатынын ескеретін болсақ, үйлері мемлекет мұқтажы үшін кеткен адамдардан тұрғын үй мәселесі туындамайды деп болжауға болады.

"Түркістанда бұзу бойынша қазір ешқандай қиындық жоқ, өйткені қазір барлығы нарықтық бағаға сәйкес бағаланады. Бұл жаңа заңда жазылған, жоспар бойынша қазір 277 учаске бар, оның 46-сы осы жылдың соңына дейін жұмыс істеуі тиіс", - деді Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов

Жаппай құрылыс жүргізіліп жатқандықтан түркістандықтар бірікті. Тіпті тұрғындардың өздері үйлерін құлатуға көмектесетін жағдайлар жиі кездеседі. Олар өздері қалдырған учаскелер мақсатты түрде пайдаланылады деп үміттенеді.

Түркістан облысының Келес ауданында "сервистік" әкімдік іске қосылды
Түркістан - шөл ортасындағы ғажайып мекен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу