Түркістан облысының Келес ауданында "сервистік" әкімдік іске қосылды
Онда мемлекеттік қызметтің 500-ден астам түрі ұсынылады.
Жаңа жобаның негізгі мақсаты-мемлекеттік қызметтердің сапасын және халықтың цифрлық сауаттылығын тікелей арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету. Жоспарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу және "бір терезе"қағидаты бойынша қызмет көрсету бар.
Мемлекеттік қызметтерді "open space" форматына ауыстыру халық үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Ашықтықты арттырып, тұтынушыларға қызметтерді кедергісіз алуға мүмкіндік береді, - дейді сенімді сарапшылар.
"Бұл кеңседе бір жерден 7 мемлекеттік органның қызметін алуға мүмкіндік бар. Бұрынғыдай әр мекемеге барып, кабинеттердің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Мұнда барлығы бар, электрондық күту аймағы ұйымдастырылған", - деді ашуға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирас Қарғабай.