Түркістан облысының шағын қалалары жаңа кәріз тазалау жүйесіне аса мұқтаж
Түркістан облысында кәріз тазарту құрылыстарын салу мәселеге айналды. Әсіресе облыстың шағын қалалары - Кентау, Арыс, Сарығашта су бұру мәселесі алдыңғы қатарда. "Ленгер Су" МКК КОС-1, КОС-2 тазарту құрылыстарының жұмысы әлі жолға қойылмаған. Ал КОС-3 тазарту құрылғыларының құрылысы басталмаған. Бұл туралы Түркістан облыстық экология департаменті хабарлап отыр.
Шардарада сарқынды суды кәдеге жарату мәселесі де шешілмеген күйінде қалып отыр. Департаменттің мәліметінше, "Шардара сервис" МКК-ның қалалық кәріздік ағындыларын төгу Сырдария өзенінің жағасындағы каналда жүзеге асырылмақ. Ал Келес өзенінің арнасынан ағынды су жинағыштарды шығару және су қорғау аймағында орналасқан монша кешендерінен су қоймасына қалдық төгінділерді құюға тыйым салынуы қажет.
Облыстың Сайрам, Түлкібас, Ордабасы, Бәйдібек аудандарының қалалық үлгідегі кенттерінің кәріз желілері апаттық жағдайда тұр.