Түркістан: Праймеризде партияның 70 мың мүшесі онлайн дауыс бермек

Oinet.kz 08-09-2020 430

Түркістан облысы бойынша праймеризге қатысушылардың ең жасы - 19 жастағы бойжеткен. Ереже бойынша 20 жасқа толған Қазақстан азаматы қатысу керек болса, сайлау басталғанға дейін 20 жасқа толамын деп студент қызығушылық танытып, бағын сынауға ниет білдірген. Ал, жас шамасына қарай ең үлкені - 70 жастан асқан үміткер.

"Бастысы қоғамға пайдасын тигізіп, халықпен тығыз байланыс жасай алатындар жеңсе",- дейді «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.

"Біз праймериз кезеңін 1,5 айдан бері өткізіп келеміз. Жалпы қорытындысымен сондай уақытты алады. Осы уақытта қоғамның ортасында жүрген, шынайы жанашыр, азаматтық ұстанымы анық азаматтар ұтады деген ойдамын. Күтетінім - азаматтардың арасында белсенді жаңа толқыны қалыптасуы. Біздің қоғам қатардағы депутаттарға бірқатар сындар айтады. Көптеген өзекті мәселелер үнсіз қалады немесе орын алып жатқан мәселелерді көп көтермейді деген ескертпелер айтылып жатады. Жаңа келетін біздің праймеризден өткен тұлғалар қоғамның барлық өкілімен, барлық саласымен тығыз байланыса отырып, соны жергілікті жердегі мәслихаттарда көтеріп, шешілуіне ықпал ететін осындай бір жаңа заманның жаңа тұлғалары шығады деп ойлаймын. Біздің күтетінімз осы",-деді Бейсенбай Тәжібаев.

Айта кетейік, праймеризге тіркелу 17-28 тамыз аралығында болған. Түркістан облысы бойынша 1144 азамат өтініш берген. Праймериздің 5 кезеңінің 3 кезеңі аяқталған. Енді алда үгіт-насихат пен дебат күтіп тұр. Қазіргі таңда жеребе тасталған. Осы арқылы кіммен-кім дебатқа шығып, пікір сайыс алаңында жұптасатыны анық болады. Оның тізімі де тізіліп қойған. Алдағы аптадан бастап 30 қыркүйекке дейін дебат пен үгіт-насихат жүргізіледі. Ары қарай 1-3 қазан аралығында дауыс беру өтеді. Карантин тәртібін сақтай отырып, дауыс беру кезеңінің басым бөлігі онлайн режимде өткізіледі. Бұл дегеніміз Түркістан облысында партияның 80 мың мүшесі болса, оның 70 мыңы онлайн дауыс беру мүмкіндігіне ие болмақ. Ол үшін 209 орындық компьютер дайын. Сол арқылы база арқылы дауыс беріледі. Қорытындысы 30 қазан күні 14:00-ге дейін дауыс беру тәртібі өтеді. Одан кейін дауыс берудің нәтижесі 3 қазаннан кейін қосымша жарияланады.

Жетісай қауындары Латвия, Эстония және Молдова сөрелерінде
Түркістан облысының шағын қалалары жаңа кәріз тазалау жүйесіне аса мұқтаж
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу