Қазақстандық вакцинаны қабылдаған Аймағамбетов қазіргі жағдайын айтты

Oinet.kz 25-09-2020 1165

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаны салдырды, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

image.png

Қазір қазақстандық QazCovid-in вакцинасы 17 қыркүектен бері клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Вакцинамен Білім министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында айналысады. 

Министр жобаға басынан бастап жетекшілік еткенін және әр кезеңге қатысқанын айтады.

- "Мен күн сайын клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелерін алдым, сараптамалардың нәтижелері мен вакцинаның тиімділігін көрдім, сондықтан біздің вакцинаны егу туралы шешім қабылдадым. Содан бері көп уақыт өтті. Өзімді жақсы сезінемін, ешқандай кері әсер болған жоқ, температура көтерілген жоқ", - деді Асхат Аймағамбетов.

Вакцинаны клиникалық зерттеуге 18-50 жас аралығындағы ересек еріктілер қатысады. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтайтын зерттеудің бірінші кезеңіне коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші кезеңде 200 еріктінің қатысуы жоспарланған.

Қазақстанның барлық өңірінен клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген 688 адамнан өтініш келіп түсті. Вакцинация үшін еріктілер тобы құрылды, олар скринингтен өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылы 15 мамырда қазақстандық белсенділігі жойылған коронавирус вакцинасын кандидаттық вакциналар тізіміне енгізді, ал 29 тамызда клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат берді.

Білім және ғылым министрі Биоқауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ТМД аумағындағы ең мықтылардың бірі екенін еске салды. Институт 1958 жылы құрылды, сол кезден бастап ғалымдар елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әзірлемелермен айналысады.

Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу шараларын ұзарту туралы
Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы маңызды мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу