Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Қазақстанның қай өңірлерінде жиі пара берілетіні белгілі болды. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар саны бір жыл ішінде 11 пайызға өскен, деп хабарлайды Oinet.kz Finprom.kz порталына сілтеме жасап.
Сарапшылардың есептеуінше, 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында елде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы 1,6 мың сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,6 пайызға аз.
Олардың үштен екісі парақорлық. Жыл басынан бері елде парақорлықтың 993 жағдайы анықталған, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға көп. Оның ішінде 555 жағдай пара алуға, 404 жағдай пара беруге, 34 жағдай делдалдық деп тіркелген.