Тұяқбаев қызметімен қош айтысты

Oinet.kz 21-09-2020 1329

Алматы қаласы  әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев орнынан босады. Тұяқбаевтың өзі бұл туралы фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. 

Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы — Алматы қаласының әкімі

Өзінің қоштасу хатында Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын бір жылдына аса уақыт атқарғанын, сол үшін осындай мүмкіндік берген тағдырына риза екендігін мәлім етіпті. Жұмыс барысында өз ісінің нағыз кәсіби шеберлерімен қоян-қолтық араласып еңбек еткенін тілге тиек етіп, еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдеріне алғыс білдіріпті. 

- Мемлекетіміздің басшыларына, Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа және әріптестеріме маған сеніп артып, қолдау білдіргені үшін үлкен алғыс білдіремін,- деп жазған Тұяқбаев. 

Тұяқбаевтың енді нендей қызметке баратындығы белгісіз. Бұған дейін біз Сапарбек Құрақбайұлының Шымкент қаласынан праймеризге түсіп жатқанын, оның Мәжіліс мандатын көздеп отырғанын жазған едік. Алайда бізге жеткен мәліметтерге қарағанда, Тұяқбаев кейінен кандидатурасын қайта алған. 

Сапарбек Тұяқбаевтың міндетін Мақсат Қиқымов атқаруға кірісті. Ол бұған дейін Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болып еңбек еткен.

«Тоқаев қателесті» - Әміржан Қосанов Президент туралы ашығын айтты
Қазақстан ұйымдасқан қылмыс бойынша рекорд орнатқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу