Қазақстан ұйымдасқан қылмыс бойынша рекорд орнатқан
Қазақстанда биыд ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушылар мен олардың мүшелеріне қатысты 44 қылмыстық іс қозғалған. Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов осылай деп мәлім етті.
- Бүгінде Экономикалық тергеулер қызметі 1394 қылмыстық іс қозғады. Оның жартысына жуығы ауыр және өте ауыр қылмыстар саналады. Өтелген шығын сомасы 20 пайызға артты және 33 млрд теңгені құрады. Біз экономикалық қылмыстық ұйымдасқан түрімен жиі бетпе-бет келеміз. Тек 8 айдың ішінде ғана ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушылар мен олардың мүшелеріне қатысты 44 қылмыстық іс қозғалды. Соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткіш саналады», - деді төраға Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Биыл ақша қаражаттарын қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысатын 60-тан астам әлеуетті топ анықталды. Олар қаржылық айналымы 2 трлн теңгеден асып жығылатын өздеріне бағынышты 1,2 мыңнан астам компания құрған. Барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, 98 тұлға күдікті ретінде танылды, 28-і тұтқынға, 29-ы үйқамаққа алынған.