Қазақстанда Телеграм жұмыс істемей қалды

Oinet.kz 19-09-2020 722

Бірнеше елдің, соның ішінде Қазақстанның Telegram қолданушылары мессенджердің дұрыс жұмыс істемейтіндігін мәлімдеген.

Screenshot_1.jpg

Бұл туралы Downdetector танымал интернет ресурстарындағы олқылықтар мен үзілістерді бақылайтын сайт анықтаған.

Порталдың хабарлауынша, мессенджер жұмысындағы үзілістер шамамен 11.41-де басталды (Нұр-Сұлтан уақытымен). Telegram ақауларының ең көп саны Ресейде, Нидерландыда, Қазақстанда және Бразилияда тіркелген.

Шағымдардың көп бөлігі мессенджерге қосыла алмау (94%)  және хабарлама жіберудегі қиындықтар (5%) жайлы болған.

Telegram  - көптеген форматтағы хабарламалар мен медиа-файлдарды алмасуға мүмкіндік беретін мессенджер.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде «Береке, бірліктің символы - Тайқазан» көрмесі ашылды
Маңғыстау облысында дельтаплан құлады: Зардап шеккендер бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу