Қазақстанда карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Oinet.kz 17-09-2020 946

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысының толық мәтінін жариялаймыз. Бұл Айжан Есмағамбетованың осы қызметтегі соңғы қаулысы.

14943850.jpg

"Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қаулы етемін:

"Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылдың 15 тамызындағы № 48 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) ойын-сауық орындарының (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды";

2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"балалардың түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне топ 15 адамнан аспай толтырылғанда, алдын ала жазылу бойынша ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптары сақталған жағдайда рұқсат етуді";

2-тармақтың 22-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:  

"22) ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда)";

2-тармақтың 26-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді";

2-тармақтың 35-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"35) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мынадай:

- ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру; 

- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шараларын енгізуді";

2-тармақ мынадай мазмұндағы 43, 44, 45-тармақшалармен толықтырылсын:

"43) маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беруді;

44) театрлардың қызметіне рұқсат беруді (залды толтыру 50%-тен аспауы тиіс, бірақ көп дегенде 50 адам, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және ҚР БМСД-нің № 43 қаулысының талаптарын сақтай отырып) қамтамасыз етсін;

45) сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді".

2. "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

24-қосымшада Пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) жатқан адамдарға мынадай талаптар сақталған жағдайда белгіленген тәртіппен туыстарымен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер беруге рұқсат етіледі:  

1) ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге келген туыстардың алынған сәтінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты беруі;  

2) ұзақ кездесуге ересек бір адамнан асырмай рұқсат беру;

3) ҚАЖ мекемелеріне ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келген барлық адамның дене қызуын өлшеу және сауалнаманы толтыра отырып, сауал алу, кейіннен ұзақ мерзімді кездесудегі адамдарға күнделікті термометрия жүргізу;

4) ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер берген кезде ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, арнайы контингенттің және олардың туыстарының маска режимін сақтауы;   

5) ҚАЖ мекемелерінің ұзақ кездесу болатын бөлмелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдетіп және кварцтап, күніне 2 реттен сиретпей ағымдағы жинауды тұрақты түрде жүргізу; 

6) ұзақ уақыт кездесу берілген сотталғандарды 14 күн бойы карантинге жатқызу".

2) 33-қосымшаның ІІІ бөлімінің 1.1-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;

3) 33-қосымшаның ІІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 1.4-тармақпен толықтырылсын:

"COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес клиникалық көрсетілімдер бойынша адамдар".

3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылдың 24 маусымындағы №42 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) Қазақстан Республикасына ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпелерден келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді:

- Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды  қоспағанда, ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпелерден келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

- локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол, теңіз және өзен көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес термометриядан және сауалнама алудан өтеді. Дене қызуы қалыпты шектегі адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі, олар межелі жеріне дейін жол жүруді жалғастырады. Дене қызуы жоғары адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін провизорлық стационарда 2 тәулікке дейін оқшауланады. COVID-19-ға зертханалық тексерудің нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме беріледі";

7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына 12-қосымшаға сәйкес әуежайлар жұмысының алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін";

3) 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

4. Осы қаулының орындалуын өзім бақылаймын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді".

sputniknews.kz

Абыздар аманаты
Елімізде тағы 72 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу