Асхат Аймағамбетов өзін сынға алатын адамдарға жауап берді (видео)

Oinet.kz 13-08-2020 2504

Еліміздің білім министрі Асхат Аймағамбетов өзін сынға алатындарға жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы министр Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты. 

image.png

- Сын түзелмей, мін түзелмейді деген сияқты. Біріншіден, сын болу керек. Екіншіден, сынды қабылдай білу керек. Бізде білім саласы бойынша Қазақстанның әрбір азаматының өзінің бөлек пікірі бар. Білім министрі болғаннан кейін, адам өзі осы салада келе жатқаннан кейін түсініп келу керек, қай жұмысқа келе жатқанын. Бұл өте маңызды, жауапкершілігі зор мәселе. Сондықтан, әрине сын болады. Ол сынды біз көтеруіміз керек. Соны  түзету үшін жұмыс жасауымыз қажет. Оны біз естуіміз керек. Неге мені сынай береді, мен керемет жұмыс істеп жатырмын деген ой болатын болса, онда әрі қарай жұмыс істеп керегі жоқ. Егер сын болса оның өзінің себебі бар. Себепсіз кешкім ештеңені сынамайды. Егер себепсіз болса біз ақпаратты дұрыс жеткізе алмай жатырмыз. Үш мәселе бар. Біріншіден, жұмысыңды ұйымдастыра алмай жатырсың. Екіншіден, әлі де ұйымдастырып біткен жоқсың. Үшіншіден, егер жұмыс істеп жатсаң, онда ол жұмысты көрсете алмай, айта алмай, халықпен дұрыс қарым-қатынас орната алмай жатырсың деген сөз - деді Асхат Аймағамбетов. 

Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды
Нұрсұлтан Назарбаевтың біз білмейтін құпиялы тұстары (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу