Әлемдегі ең кәрі миллиардер қайтыс болды

Oinet.kz 13-08-2020 765

Лос-Анджелесте әлемдегі ең кәрі миллиардер, америкалық медиамагнат, ViacomCBS медиакорпорациясының құрметті төрағасы, 98 жастағы Самнер Редстоун өмірден озды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі РЕН ТВ телеарнасына сілтеме жасап.

image.png

ViacomCBS компаниясының басшысы Боб Бекиштің айтуынша, Редстоун жалғыз өзі отбасылық автокинотеатр бизнесін жоғары деңгейге көтеріп, медиакорпорацияға айналдырған.

1936 жылы Самнер Редстоунның әкесі, миллиардер Майкл Редстоун National Amusements компаниясының негізін қалаған. Кейін компанияны кіші Редстоун басқарды. 2012 жылы ол Viacom компаниясын сатып алу бизнестегі ең жоғары жетістігі деп санады.

Сондай-ақ, ол Самнер Редстоунның басшылығымен Viacom MTV медиакомпаниясына, Paramount Pictures киностудиясына иелік етті. ViacomCBS компаниясының құрамына MTV, Nickelodeon, Comedy Central, Showtime және тағы басқа телеарналар кіреді. ViacomCBS АҚШ-тағы аудиториясы ең көп компания болып саналады.

Айта кетейік, Самнер Редстоунның байлығы 3,9 миллиард долларға бағаланып отыр. 

Карантинде жатқан ер адам жантүршігерлік әрекет жасады
Мемлекет басшысы «ҚазАқпарат» ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу