Карантинде жатқан ер адам жантүршігерлік әрекет жасады

Oinet.kz 13-08-2020 1261

10 тамызда 31 жастағы Сұрхандария тумасы Ташкенттегі "Саёхат" қонақ үйінде жатқан жерінен төртінші қабаттан секіріп, қайтыс болған, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KTK.KZ сайтына сілтеме жасап.

156293.jpg

Бас прокуратура мәліметінше, ер азамат 4 тамызда Ресейдің Қазан қаласынан Ташкентке ұшып келіп, бірден карантинге жатқызылған. 7 тамызда одан COVID-19 вирусы бар, жоғын тексеру үшін сынама алған. 

Нәтижесінде вирус анықталмаған. Марқұмның туыстары соңғы кезде онда психикалық өзгерістер байқалып жүрді дейді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл маусым айында Ташкент түбіндегі "Уртасарай" орталығында карантинде жатқан 42 жастағы ер адам да өзіне қол жұмсаған.

Үш жасар бүлдіршін адам сенгісіз әрекет жасаған (видео)
Әлемдегі ең кәрі миллиардер қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу