Беларусьтегі наразылық: Ішкі істер министрлігі бір адамның көз жұмғанын растады

Oinet.kz 11-08-2020 909

Беларусь ішкі істер министрлігі Минскідегі жаппай наразылық акциялары салдарынан бір адамның қаза тапқанын ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Беларусь ІІМ өкілі Ольга Чемоданова сайлау нәтижелеріне көңілі толмаған адамдардың жаппай наразылық акциялары кезінде бір адамның мерт болғанын мәлімдеді. 

Чемоданованың айтуынша, ер адам арнайы жасақ сарбаздарына жарылғыш зат лақтыруға талпынған. Алайда аталған зат оның қолында жарылып, азамат ауыр жарақат алған. 

Sputnik Беларусь агенттігінің мәліметінше, наразылық білдірушілер арнайы жасақ сарбаздарына "Молотов коктейлдерін" лақтырған. Олар ел астанасындағы ірі дүкендердің бірінің алдында баррикада құрған, кейіннен сол жерде жарылыстар есілген. 

Сондай-ақ көлік жүргізушілері әдейі күштік құрылымдардың әскери техникасы мен жүк көліктерінің жолын бөгеп тастаған. Құқық қорғау органдары наразылық білдірушілерді жарық-дыбыстық граната, көз жасаурататын газ және резеңке оқтардың көмегімен таратуға тырысуда. 

Елде коронавирустан тағы 211 адам көз жұмды
Миллиардер Билл Гейтс коронавирус пандемиясының аяқталу мерзімін атады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу