Әжем берген түйіншек жолымды ашты
25-09-2022
25 шілде күні Қазақстанның еңбек сіңірген кеден қызметкері (ҚР кеден қызметінің негізін қалаушылардың бірі) Игорь Тен 57 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Еңбек жолында ол кедендік төлемдер департаментінің аға инспекторынан Қазақстан Республикасы кеден комитеті төрағасының орынбасары лауазымына дейін қызмет етті. Кеден қызметінің полковнигі атағын иеленген. Кәсібилігі, мінсіз қызметі, кедендік ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар халықаралық, республикалық және ведомстволық марапаттар мен ынталандыруларға ие болған. Өзінің кәсіби шеберлігі мен дипломатиялық қабілетінің арқасында шетелдік әріптестерінің арасында үлкен беделге ие болды.
Өмірінің соңғы жылдары «Транко» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды. Игорь Тен салауатты өмір салтын насихаттап, тау туризмімен айналысты, бірнеше рет марафон мен велосипед жарыстарына қатысты.
Сондай-ақ ол өз бетімен қант диабетін жеңіп шыққан.