Премьер-министр елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ашық айтты
Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин карантин шаралары әсерінен елімізде жағдайдың жақсарғанын мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Жалпы осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылғандардың саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4-тен 1,7 пайызға дейін азайды. Ауруханалардағы орындардың жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді. Айдың қорытындысы бойынша жедел жәрдемге шақыру бойынша көрсеткіш 38 пайызға төмендеді. Барлық өңір дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген.
Бүгін денсаулық сақтау министрлігі карантин шараларын біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Жалпы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік комиссияның отырысында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады", - деп түйіндеді сөзін премьер-министр.