Шымкент: Импорттан экспортқа нақты қадам
24-10-2022
Түркістан облысында бақша өнімі облыс халқының қажеттілігінен 34,4 есе, Республика халқын 3,2 есеге артық өндіріледі. Сондықтан бақша өнімі Түркістан облысы үшін экспортқа бағытталған мақтадан кейінгі екінші өнім болып отыр.
Сурет аашық дереккөзден алынды
Өндірілген өнімнің 53% (433,1 мың тн.) экспортта, 47% (388,3 мың тн) ішкі нарықта сатылды. Қарбыз өнімінің бағасы килограммына шаққанда ерте піскен кезеңде - 120 теңге, қазіргі таңда - 40 теңгеден, қауын ерте піскен кезеңде 225 теңге, қазіргі таңда – 70 теңгеден сатылуда.
Бақша еккен 7529 агроқұрылымдар пісу мерзіміне қарай, 1 га-дан орташа алғашқы кезеңде 2,0 млн.тг. дейін, қазіргі таңда 600,0 мың тг. төңірегінде табыс алынуда.Бақша өнімдерін экспортқа сату үшін берілетін фитосанитарлық сертификаттар демалыс кездерде үздіксіз беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Өнім өткізуде мәселелер туындап жатқан жоқ.
-Картоптан 281,0 мың тн. өнім жинау жоспарланып, 213,3 мың тн немесе 76% жиналды. Ерте пісетін картоп өнімімен облыс халқы 1,4 есеге артығымен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда ерте піскен картоп өнімі килограммына 120 теңгеден сатылуда, технологиялық картаға сәйкес 1 га картоп өндіру шығыны 714 мың тг. құрайды, картоп еккен 2684 дихандар орташа 2,0 млн.тг. төңірегінде 1 га-дан табыс тауып, бизнесі кеңеюде.
-Көкөністен 1080,1 мың тн. өнім жинау жоспарланып, 642,2 мың тн немесе 59% жиналды. Оның ішінде:
Пияздан – 46,5 мың тн (АШТӨ саны -2872), сәбізден – 39,2 мың тн (АШТӨ саны -1978) өнім жиналды, сатылу бағасы 40 – 50 теңге төңірегінде сатылса, қызанақтан - 97,2 мың тн (АШТӨ саны -3133), қиярдан – 82,5 мың тн (АШТӨ саны -2293), өнім алынды, бағасы 90 -150 теңгеден сатылуда. Жалпы пияз, сәбіз, қызанақ, қиыр еккен 10276 шаруа қожалықтары 1 га-дан орташа 1,5 – 2,0 млн.тг. төңірегінде табыс алуда.
Қырыққабат дақылы 8,0 мың га-ға егіліп, одан 300,0 мың тн өнім жиналды. Алайда, әлемдік пандемияныңның таралуының алғашқы кезеңінде өнім өткізу нарықтарын айқындауда қиындықтар туындады.
Облыс әкімдігі тарапынан тиісті шаралар қабылданып, экспорттық шектеулерді жою, өңірлер арасында байланыс орнатып, облыс, қала әкімдіктерімен өнімдерді өткізу жөнінде Меморандум нәтижесінде 187 мың тн. (62%) өнім ішкі нарыққа, 73,0 мың тн. (24%) Ресейге экспортқа жөнелтіліп, 40,0 мың тн. (14%) агроқұрылымдар тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратылды.
Өкінішке орай, қырыққабат сорттарын өндірудің орташа өзіндік құны 1 кг үшін 50 теңге болса, нарықта 15-20 теңгеден сатылды.
Осыған орай, шығынға ұшыраған тауар өндірушілердің екінші өнімін егуді қолдау үшін, ҚР Үкіметі резервінен жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% пайызбен 1,6 млрд.тг қаражат бөлінді. Қазіргі таңда агроқұрылымдардан өтінім қабылдау басталды.