«Басына секіріп, итше тепкілеген» Төбелеске қатысқандар ұсталды

Oinet.kz 14-07-2020 20123

Күні кеше әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірімдердің төбелеске қатысқан видеосы тарады. Видеода бір жасөспірім келесі бір жасөспірімді сабап, басына секірген. Бұл төбелеске қатысушылардың жеке тұлғаларын Павлодар облысының полициясы анықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Бүгінде телефонға түсіріліп, WhatsApp мессенджері арқылы таратылған төбелес фактісі тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-3, 99-2-бөлігінің «Бұзақылық ниеті бар адамдар тобына кісі өлтіруге оқталу» бойынша жүргізілуде.

Сонымен қатар, бейнежазбаны түсірген адамдарға қатысты ҚР ҚК 313 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Павлодар полициясының бейнежазбаларын қарап, зерттеді. Қазіргі уақытта қатысушылардың жеке тұлғалары анықталды.

Оқиға 7 шілдеде орын алған. 18 бен 19 жас аралығындағы екі жас арасында ұрыс болып, жанжал туындағаны анықталды. Осы факті бойынша жәбірленуші полицияға және медициналық көмекке жүгінбеді.

«Жастардың қатыгездігінің таңқаларлығы сонша, олар полиция шақырып, төбелесті тоқтатудың орнына, ұялы телефонмен не болып жатқанын түсірді», - деп атап өтті облыс полициясы.

Тергеу жалғасуда. Төбелеске қатысқандар жасаған іс-әрекеттері үшін жауап береді.

Елбасы Нұр-Сұлтан мен Алматыда медициналық орталықтар салуды тапсырды
За распространение заведомо ложной информации, лица могут быть привлечены к уголовной ответственност
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу