Қарағандыда 19 жастағы қыз көз жұмды

Oinet.kz 13-07-2020 1874

Қарағанды қаласында дауыл салдарынан 19 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

154008.jpg

Қайғылы оқиға Топар су қоймасында болды. Оның денесін бірнеше сағаттан кейін Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тапты. 

«Үрлемелі матрацпен жүзіп жүрген 2001 жылы туған қызды қатты жел екпіні жағадан алыс алып кеткен. Кейінірек оның денесін құтқарушылар судан алып шықты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетейік, 12 шілде күні Қарағанды қаласында құйынды жел тұрып, салдарынан ондаған ғимараттың шатыры бүлінді, 50-ге жуық ағаш құлады, елдімекендер, соның ішінде ауруханаларда жарық сөнді.

Алматыда той өткізгендер ел-жұртқа масқара болды – видео
Айнұр Тұрсынбаева Қазақстан халқына тағы да жақсылық жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу