Белгілі блогер 5 сағатта 12 миллион теңге жинады (жазба)

Oinet.kz 09-07-2020 2217

Отандық танымал блогер Дәулет Төлеутайұлы желідегі оқырмандарымен біріге отырып, коронавирус инфекциясымен күреске қомақты қаржы бөлді. Ақпарат өкілінің бастамасына бірден қолдау білдірген жанашыр жандар бес сағатта 12 миллион теңге жинай алған. Олар бұл соммаға енді 50 тыныс алу аппаратын сатып алмақ, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Дәулет Төлеутайұлы жиналған ақшаға тыныс алу құрылғысын алып, оны әрбір өңірдегі зәру жандарға таратпақ ниетте. Елу қала мен елді мекеннің тізімі халық санына байланысты жасақталды. Белгілі журналист пен оның аудиториясы небәрі бес сағатта он екі миллион теңге жинап, көптеген науқастарға үміт отын сыйлады. Ақпарат өкілінің тарапынан жасалған қайырымдылық бастама халықтың ыстық ықыласына ие болды. Желідегілер індет өршіп жатқан кезде қолынан келгенше көмегін аямай жатқан көпшілікке тәнті болды. БАҚ өкілі жаңа тыныс алу аппараттары қай жерлерге жеткізілетінін Instagram желісінде хабарлады. "Екінші тыныс" қайырымды шарасына ақша жинау аяқталды. Жиналған ақша 12 миллионға жетті. Жеке адамға аппарат алынбайды. Реніш болмасын. Алланың алдында бәріміз теңбіз! Бұйырса 50 аппарат таратылатын аймақтар:

1. Алматы 2. Нұр-Сұлтан 3. Шымкент 4. Ақтөбе 5. Қарағанды 6. Тараз 7. Павлодар 8. Өскемен 9. Семей 10. Атырау 11. Қостанай 12. Қызылорда 13. Орал 14. Петропавл 15. Ақтау 16. Теміртау 17. Түркістан 18. Талдықорған 19. Көкшетау 20. Екібастұз 21. Рудный 22. Жезқазған 23. Жаңаөзен 24. Балқаш 25. Кентау 26. Қаскелең 27. Сәтпаев 28. Құлсары 29. Риддер 30. Щучинск 31. Степногор 32. Қапшағай 33. Арыс 34. Саран 35. Талғар 36. Жаркент 37. Ақсу 38. Байқоңыр 39. Аягөз 40. Шахтинск 41. Шу 42. Алтай 43. Лисаков 44. Қандыағаш 45. Ақсай 46. Жітіқара 47. Арал 48. Есік 49. Сарыағаш 50. Текелі (32000 халқы бар).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

--- STOP! "Екінші тыныс" қайырымды шарасына ақша жинау аяқталды. Жиналған ақша 12 миллионға жетті

«Президент үндеуінен ертегіден басқа ешнәрсе көрген жоқпын» - Қуат Найман
Өмірзақ Шөкеев: Науқастар орын, дәрі-дәрмек тапшылығынан қиналмауы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу