Коронавируспен күресте қаза болған дәрігерлердің суреті көрсетілген видео пайда болды (видео)
Әлеуметтік желілердің бірінде қаза болған дәрігерлердің суреті бар видеоролик тарап кетті. Белгілі болғандай ол кісілер Шымкент қаласында коронавируспен күрес барысында қайтыс болған марқұм дәрігерлер екендігі анықталды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Роликті шымкенттік гинеколог-дәрігер Әлібек Демеуов жариялаған болатын. Видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда автор дәрігерлердің суретін көрсетіп, олардың барлығы коронавирустан қаза болғанын хабарлады.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, роликте көрсетілген тоғыз медицина қызметкері мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеген.
- "Олар 3 маусым мен 7 шілде аралығында көз жұмды. Марқұм дәрігерлер хирург, педиатр, гинеколог, зертханашы, узист және т.б. жұмыс істеді. Олар үздік мамандардың бірі болды. Медицина қызметкерлерінің өліміне екі жақты пневмония себеп болып отыр", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.