Коронавирус жұқтырғандар саны 21327-ге жетті
Өткен тәулікте тағы 547 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 21327-ге жетті деп хабарлайды Oinet.kz порталы coronavirus2020.kz сілтеме жасап.
"28 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы - 56, Алматы қаласы - 40, Шымкент қаласы - 16, Ақмола облысы - 23, Ақтөбе облысы - 28, Алматы облысы - 19, Атырау облысы - 22, Шығыс Қазақстан облысы - 47, Жамбыл облысы - 10, Батыс Қазақстан облысы - 44, Қарағанды облысы - 48, Қостанай облысы - 8, Қызылорда облысы - 8, Маңғыстау облысы - 5, Павлодар облысы - 44, Солтүстік Қазақстан облысы - 19, Түркістан облысында - 24 коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша өсім 2,6 пайызды құрады", - делінген хабарламада.
Соңғы дерек бойынша елімізде қауіпті дертті 13 мыңға жуық науқас жеңіп шықса, 178-i вирус салдарынан көз жұмған. Соңғы өлім жағдайлары Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан облысында тіркелді.