Моңғолия парламентіне қазақ басшы болып сайланды

Oinet.kz 27-06-2020 5587

Моңғолияда парламент сайлауы өтіп, нәтижелері жарияланды. 2020  жылы сайлау нәтижелері бойынша тағайындалған жаңа депутаттар жақын арада ант береді. Қандасымыз Моңғолияның құрылыс және қала құрылысы министріне ұсынылған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Screenshot_3.jpg

"Парламент туралы заңда көрсетілгендей, бірінші сессияны 76 депутаттың ішіндегі ең қарт мүше басқарады. Сондықтан бірінші сессияны Баян-Өлгей аймағынан сайланған 66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы басқарады", - делінген ресми ақпаратта.

 Министр атанған Бәделхан Қабдісіләмұлы бұған дейін Баян-Өлгей аймағының әкімі, парламент мүшесі, өнеркәсіп министрлігінің вице-министрі қатарлы лауазымды қызметтерді атқарған. Бәделхан Қабдісіләмұлы Моңғолияда 21 жылдан кейін министр атанып отырған қазақ азаматы екені айтылған жергілікті басылым беттерінде. 

Бәделхан Қабдісіләмұлы 1954 жылы туған. Ол - жаңа парламенттің ең жасы үлкен спикері.

"Бір науқас қасымызда тұрған, ол да қайтыс болды". Шымкент ауруханаларындағы қазіргі жағда
Парацетамол сатылымына шектеу қойылуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу