«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Мырзакенттегі жаңа шағынауданда Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 20 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. 8 ғимараттың іргетасы құйылды. Жалпы алғанда 20 үйдің құрылысы тамыз айында аяқталып, тұрғындар қоныс тойын жасай алады. Жаңа үйлердің құрылысы бизнесмен әрі меценат Болат Назарбаев негізін қалаған «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қаржысына салынып жатыр.
- «Мырзакенттегі құрылыс жұмыстарын жергілікті «Жетісай-Құрылыс» пен «Тіней-құрылыс» компаниялары жүргізуде. Осылайша аудандағы құрылысшыларға демеу болып, уақытша жұмыс орындарымен қамтып отырмыз. Қазіргі басты мақсатымыз - салынып жатқан үйлерді уақытында аяқтап үлгеру. Жеке меншік үйлердің алғашқы кілттерін тамыз айының басында тапсыруды жоспарлап отырмыз» - «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетов.
4 бөлмелі үйлер жалпы ауқымы 100 шаршы метр үлгілік жобасымен салынып жатыр. Тұрғызылып жатқан үйлер жаңа шағын ауданның екі көшесінің бойында орналасқан. 20 үйді тұрғызу жұмыстарына меценат Болат Назарбаев 200 млн. теңгеге жуық қаражат бөлді.
Бұдан өзге, қор атынан Мақтаарал ауданындағы ағайындарға көмек ретінде 20 тонна азық-түлік келген болатын. Сондай-ақ, «Салиқалы ұрпақ» қоры судан зардап шеккен жағдайы төмен 100 отбасыға 100 мың теңгеден үлестірмек. Балаларға да базарлық ретінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 20 оқушы Алматы облысындағы жазғы лагерьлерге жөнелетін болады.
Айта кететін болсақ, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры қызметін 2016 жылдың сәуірінде бастады. Қор бірнеше бағытта жұмыс істейді: аз қамтылған отбасылардың жетім балаларын асырап, тәрбиелеу, отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыздандыру, ем қабылдауды мұқтаж ететін жандарға қаржылай көмек, білім беру ақысы, мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүрлерді дамыту, мешіт құрылысы, әртүрлі деңгейдегі спорт шараларын өткізу.