Депутат Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

Oinet.kz 12-06-2020 10098

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

image.png

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан да коронавирус індетін жұқтырып алғанын жазды.

"Қадірлі ағайын! Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін. Қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді. Аман болайық!" деп жазды ол өзінің Instagram парақшасына.
Президент сайлау өтетін күнді белгіледі
Тоқаев Путинді құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу