Айзат Молдақасымова жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 04-06-2020 1185

Дау-жанжалдан соң Алматы қаласының бас санитар дәрігері қызметінен кеткен Айзат Молдағасымова жаңа қызметке тағайындалы, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Ол Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры лауазымына тағайындалған. Алматы қаласының әкімдігі Молдағасымованың өзі бұл ақпаратты растап отыр. Еске сала кетсек, осыған дейін Айзаттың Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз. 10 наурыз күні шенеунік бортында коронавирус жұқтырған жолаушысы бар рейспен ұшып келген. Алайда, елге оралған кезде оны карантиндік стационарға жатқызған жоқ. Бұл жағдай қоғамшылдардың ашуын тудырды. Олар өзге адамдар денсаулығына зиян келуі мүмкін болғанын алға тартып, оңтүстік астана әкіміне қаланың бас санитар дәрігерін жұмыстан босатуын талап етті. Айзат Молдағасымова өзіне тағылған айыптаулармен мүлдем келіскен жоқ. Сонымен қатар 30-дан астам алматылық дәрігер мемлекеттік қызметкерді сотқа берген. Бұл оқиға медицина қызметкерлерінің жаппай коронавирус жұқтыруынан кейін орын алды. 180-нен астам дәрігердің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Олардың көбісі орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері болып шықты.  Алматының бас санитар дәрігері ақ халаттылардың коронавирус жұқтыруына қатысты пікір білдіріп, медициналық ұжым бұл жағдайға өздері кінәлі екенін басып айтқан болатын. Ол дәрігерлер қажетті қауіпсіздік шараларын дұрыс ұстанбағанын мәлімдеді. Молдағасымованың бұл мәлімдемесіне шүйліккен медицина қызметкерлері сот органдарына жүгінуді жөн көрген. 

Карантинде сабақты дұрыс түсінбеген баланы өгей әкесі сабап отырған
Гүлжан Қарақұсова шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу