Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы тың мәлімдеме жасады
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға тағы бір рет жүгінді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 3 маусым күні болған мәліметтер бойынша, коронавирустың расталған жағдайларының саны 11 796-ны құрады, 6240 адам сауығып, 48 пациент көз жұмды.