Тоқаев еліміздегі «қос билік» жөнінде пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсолмольская прада" басылымына берген сұхбатында елімізде қос билік орнағанын айтқан саясаттанушылардың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президент қызметінен кеткенімен, үлкен саясат алаңынан әлі кете қоймағанын айтты. Соған орай, кейбір саясаттанушылар Қазақстанда қос билік формасы орнады деп топшылауда. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге қатысты бар шындықты айтты. Оның сөзінше, саяси және тарихи мұраны сақтау басты мәртебе болып табылады. Президент осыны негізге ала отырып, өз сайлауалды компаниясының бірінші пункті ретінде сабақтастық болғанын атап өтті.
- "Тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев - тарихи масштабтағы ірі тұлға, заманауи Қазақстанның негізін қалаушы. Алдағы уақытта (6 шілдеде) біз оның 80 жылдық мерейтойын атап өтпекпіз. Оның халықаралық бірлестік пен өз халқымыздың алдындағы жетістіктері жайлы айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтап қалу өте маңызды. Ол қазақстандық мемлекеттілікті күшейту үшін қажет" , - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы қазіргі таңда Елбасы оның дағдарыстан жылдам түрде шығу курсына қолдау білдіргенін алға тартты. Оған қоса, президенттің жаңа экономика құру мен қазақстандықтарға материалдық көмек беру жөніндегі бастамалары да Назарбаевтың қолдауына ие болды. "Ешқандай қос билік жоқ. Мұны Нұрсұлтан Әбішұлы да бірнеше мәрте айтқан болатын. Ол қазіргі президенттік айналасына бірігуге шақырды" , - деді мемлекет басшысы.