«Дәрігерлер диагнозын қоя алмай жатыр» - Қытайда комада жатқан қазақстандық

Oinet.kz 29-05-2020 1194

Аспан асты еліндегі циркте жұмыс істейтін қазақстандық азаматтың жансақтау бөлімінде жатқанына он күннен асқан. Алайда, дәрігерлер науқасқа әлі де болса дигноз қоя алмай әлек болуда. Қостанайлық Макяим Кисленконың анасы ұлының жағдайын айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

image.png

Гуанчжоу циркінде ат үстінде шебер трюктер орындап, өнер көрсетеді екен. Олар әйелімен бірге тоғыз жылдан бері аспан асты елінде тұрып келеді. 7 мамыр күні цирк әртісінің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түсіпті. 

- "Қанын тазартқан соң, бүйрегі мен жүрегі жақсарды.Өкпесі нашар. Жасанды демалу апаратымен жатыр.Өз бетінше тыныстай алмайды. Комада жатыр. Соңы не болатынын ешкім білмейді. Неден болғанын да ешкім айта алмайды", - дейді науқастың әкесі Сергей Кисленко.

Анасының сөзінше, бұған дейін Максимнің денсаулығы мүлдем сыр бермеген. Ол Алматыдағы цирк училищесін тәмәмдапты. 

- "Бала кезінен спортпен шұғылданды.Ешқашан ауырған емес.Неліктен кенет ауырғанын білмейміз.Әуелі әйеліне жағдайым нашарлап кетті деген.Ертеңінде ес-түссіз жағдайда түсіп,ауруханаға жеткізілген. Бізге өте қиын болып тұр", - дейді анасы Валентина Кисленко.

Науқастың ата-анасы ұлдарының ем қабылдауға ақшасы жетпегені үшін үйлерін сатып, жиған-тергендерін тұтастай аударып жіберіпті. Десек те мұның өзіазшылық етіп жатқан сыңайлы, себебі Максим жатқан ауруханаға күніне 1,5 мың доллар кетеді екен. Амалы таусылған ерлі-зайыпты жергілікті кәсіпорыннан көмек сұрауға тура келіпті. 

- "Максимнің отбасы мүшелері, әкесі мен анасы кезінде осы кәсіпорында еңбек еткен.Оның бауыры әлі күнге дейін «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамында жұмыс істейді.Кәсіпорын басшылығы қаржылай демеу көрсетеміз деп отыр", - деді Рудный қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Данияр Сәбитов.

Бүгінгі күні науқастың жағдайы еліміздің сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің бақылауында екен. Сырқат ауруханадан шығарылған соң оны бірден отанға әкелу мәселесі қарастыруда. 

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан науқас шындықты айтты
Зират ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу