Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Алматы қаласында коронавирус құрбандарына арналған арнайы жерлеу аймағында 32 адам жерленді. Бірақ қалада бұл аурудан тек 10 өлім тіркелген. Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мұның не үшін болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 32 бейіт Алматы маңында коронавирус құрбандарына арналған жерде орналасқан және тағы 12-сі дайындалған деген ақпарат тарады.
- "Бүгінгі таңда қалада коронавирустан10 адам көз жұмды, қалған 22 адам - бұл коронавирус инфекциясы бар адамдар", - деп түсіндірді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
Еске салсақ, наурыз айының соңында Алматыда коронавирустың құрбандары үшін арнайы жерлеу полигоны анықталған болатын. Ол қаланың сыртында орналасқан, жақын елді мекендер жоқ және барлық қажетті қауіпсіздік шараларымен қаладан оқшауланғандығы белгілі.
Қазақстанда COVID-19 құрбандарын жерлеудің алгоритмі бар. Ережелерде ұлттық салт-дәстүрлер ескерілген.