Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
21-06-2023
Батыл азамат бір үйдің 7 адамын тілсіз жаудан аман алып қалған.
Оқиға Темір ауданы Шұбарқұдық ауылы Жаңақұрылыс көшесі №1 жеке үйде орын алған. Үйдің кіреберісі және шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен соң, Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №16 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамынан 6 адам, 2 автокөлік шыққан.
"Өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті байқаған көршісі Медет Қалмұханов терезені сындырып, үй ішіне кіріп, ұйықтап жатқан 7 адамды, оның ішінде 3 бала, 1 жүкті әйелді далаға шығарып үлгірген. Ол өзінің сол сәтте бір минутқа да кідірмей, бір отбасыны аман алып қалғанына қуанышты", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төрт минут ішінде жеткен. 100 шаршы метрден асатын үйдің шатыры мен кіреберістің өртенуі сағат 05.04-те оқшауланып, сағат 05.56-да өрт толық сөндірілді.
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментімен Төтенше жағдайлар комитетіне Медет Қалмұхановтың батырлық әрекеті үшін ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсыныс хат жіберілді.