Таразда ер азамат бөтелкелесін пышақтап өлтірді

Oinet.kz 27-04-2020

26 сәуір күні сағат 10.00 шамасында облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінде ессіз жатқан адам табылды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

image.png

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, қаза тапқанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2000 жылы ҚР ҚК 259-бабы бойынша бұрын сотты болған 45 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, бiрге спирттік ішімдік ішу барысында олардың арасында жанжал туындап, нәтижесінде пышақ сұққан. Жараланған ер адам пәтерден шығып, кіреберісте құлаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды.

Национальная инженерная академия РК обсудила актуальные задачи научно-инженерного корпуса страны
Шымкентте жүкті әйелдің ішінен бір уыс құрт алынды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×