Марат Пашимов басқарма басшысы болып тағайындалды

Oinet.kz 21-04-2020 1381

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Пашимов Марат Орынбасарұлы тағайындалды.

Марат Пашимов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған, білімі жоғары, біліктілігі емдеу ісі және жергілікті мемлекеттік басқару. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кардиологиялық орталықта медаға болып бастаған.

2005 – 2015 жылдары аралығында облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-анестезиолог, реанимация бөлімінің меңгерушісі, телемедицина меңгерушісі, бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және ТЖ жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған.

2015 - 2017 жылдары №3 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері болып қызмет еткен.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан облысы клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етіп келді.

Марат Пашимов жас та болса іскерлігімен, ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығымен көзге түсіп, ел ықыласына бөленген азамат. Марат Орынбасарұлына жаңа қызметте сәттілік тілейміз! 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы әлемнің 8 университетіне шақырту алды
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу